"Балбөбек" санаторлық тобының тәрбиешілері мен музыка жетешісінің ұйымдастыруымен "Қыздар,қыздар,сұлу қыздар"мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Әр көктемнің шырайына шырай беретін, барлық жерлер түрленетін, бір ғажайып күйге енетін, аналарымыз мейірлене, әжелеріміз күлім қағып, қыздарымыз, аруларымыз сұлуланып, көктемнің бүкіл дүниежүзі бойынша тойланатын көктемнің ең алғашқы ауқымды мерекесі ол әрине — 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні. Осы мерекеге орай бүлдіршіндермен "Қыздар,қыздар, сұлу қыздар" мерекелік мерекеде аналар мен әжелерге арнап, өлең шумақтарын айтып, би билеп, ән шырқалды. " Менің анам сұлу", "Кім жылдам?", "Шығыршыққа тез жина" атты аналармен ойындар ойналды. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер аналарына арнап, өз колдарымен жасаған гүлдерді табыстады.