МКҚК “Ақбота” бөбекжайында “Қызықты әлем жанымда” атты декаданың жұмыс жоспары бойынша “Оқи білген қандай жақсы " ойын-викторинасы ертегі желісімен мектепалды "Құлыншақ" тобының балаларымен ұйымдастырылып, өткізілді. Балалар екі топқа "Жұлдыздар” және "Қырандар" болып, тапсырмаларды жарыса орындады. Бірінші тапсырмада пазлдарды құрастырып, қандай ертегі құрастырғанын айтты. Екінші тапсырмада Күлше қызға баллға баруға араластырылған бұршақтарды бөлу арқылы көмектесті. Үшінші тапсырмада себетте тұрған жұмыртқалардағы ертегі кейіпкерлерін тауып көрсетті. Төртінші тапсырма слайд бойынша қай ертегі екенін атап, мазмұндап берді. Қайсы топ тез жауап берді, сол топ сиқырлы сандықтың кілтін алып, сандықты ашып, ішіндегі сыйлыққа ие болды. Екі топ бірдей жауап беріп, ұпай сандары тең болды. Ойын-викторина көңілді өтіп, өз мәресіне жетті.