МКҚК "Ақбота"бобекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында Шежіре күніне байланысты тәрбие сағаты өткізілді. Балалардың жеті атасын тану, шежірені білу арқылы, қазақ халқының ерте ғасырлардан бері түбірін жайған шежіресінен оның туыстық байланыстарын ұғындыруға арналған әдебиеттердің, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз – қазақ, һәм хандар шежіресі», «Қазақтың ата тарату шежіресі», Тілеке Жеңістің «Шежіре» және т.б. шығармалардың құндылығы жоғары екенін ұғындыру болды. Шежіре жайлы кітаптар рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту тұсында, еліміздің тарихын терең білуге, жас ұрпақтың санасы мен рухани мәдениетінің жоғарлауына ықпалын тигізеді. Шежіре арқылы әр балаға өзінің туыстық түбірін, жеті ата ұғымы туралы айтып, мағынасын жеткізуге тырысты.