МКҚК "Ақбота" бобекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында "Рухани жанғыру" бағдарлама аясында "Қайта оралды қазағымның салт-дәстүрлері" атты іс-шара өткізілді. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Бүлдіршіндеріміздің әжелері бөбекжайға келіп, салт дәстүрлерді айтып, көрсетті. Торғын әжей "қырқынан шығару" рәсімін, Оразкүл әжей "Бесікке салу" ал Құралай әжеміз "Тұсау кесу" салттарын балаларға айтып, түсіндіріп, естернде қалсын деп арнайы дайындап, көрсетті. Балалар салт-дәстүрлерді білді,тамашалап ән айтып, би биледі.