2023 жылғы 13-17 наурыз аралығында МДҰ-да онкүндік өткізілуіне байланысты МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Қарлығаш" тобында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен "Жер-Ана" атты экологиялық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту,жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір Патшалық туралы әңгімелескім келеді.
Жер-Ананы күтіп,баптап,таза ұстау керек. Өйткені Жер-Ана жомарт та дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтар да жерден алынады. Түрлі жеміс-жидектер де әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып, күтіп баптағаннан кейін,көбейе түседі.
Жер-Ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстар да, жан-жануарларға да,өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпайық. Жер-ананы әр дайым күтіп ұстауымыз керек. Экологиялық саяхат балаларға өте қызықты болды.