Текст
Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Мақсат — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу, сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру да маңызды болып табылды. МКҚК "Ақбота" бөбекжайы да осы жалпыұлттық патриоттық іс-шараға қатысып, диктант жазды.
Диктант республика бойынша 4 мамырда сағат 11.00-де өткізілді.