Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Балдырған" тобында "1 Мамыр - Халықтар достығы" атты тақырыпта тәрбиелік сағаты өткізілді.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан, - дегендей тәрбие сағатының мақсаты балаларға 1 - Мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні екенін жеткізе отырып, Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылды. Балалар тәрбиелік сағатқа көтеріңкі көңіл-күй танытып, қызығушылықпен қатысып отырды.