Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК “Ақбота" бөбекжайында 1 мамыр Қазақстан халқының ынтымақ бірлік күніне орай ата-аналар мен балаларға арналған “Халықтар достығы” атты мерекелік іс- шара даярлық тобының тәрбиешілері Уалиева Ризагул Сагандыковна мен Калмаганбетова Арайлым Балтабековналардың жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Бұл іс- шараға ата-аналар өте белсене қатысып, әр ұлттың өнерін, мәдениетін, тағамдарын балаларға таныстырып өтті. Бұл іс- шараның мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың бір шаңырақ астында тату- тәтті тұратындығын балаларға көрсету болып табылды.