МКҚК " Ақбота " бөбекжайында " Сиқырлы саусақтар " үйірмесіндегі балалардың іс - әрекеті кезеңінде "Көбелек" жасаумен шұғылданды . Түрлі - түсті қағаздан қиылған түзу жолақшаларды пайдаланып , екі шетін желімдеп жапсырды. Осы шыққан екі дөңгелекшелердің әрқайсысын тура ортасын бір - біріне тигізіп жапсырығанда көбелектің қанаты болып шықты . Көбелектердің қанаттарын ортадан түзу жолақшамен орап жапсыру арқылы көбелектің денесі мен басын жасады . Осылайша жасаған көбелектерін балалар қысқыштың көмегімен жіпке тізіп орналастырды. Көбелек туралы мәлімет алады . Түстерді еске жақсы сақтайды , саусақ моторикасы дамиды , жәндіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиеленді . Балалар сергіту сәтінде өздерінің жасаған іс қимылдарынан қуаныш алады және ептілікке , үлкендердің айтқанын орындауға үйренеді .