Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен "Сиқырлы саусақтар" үйірмесінде балалар "Бақбақ" гүлінің суретін салды. Балалар бақбақ гүлін күнделікті серуенге шыққанда, көшеде жүргенде көреді, қызығып қарайды. Өздеріне таныс гүлді естеріне түсіре отырып, суретін салуды үйренеді. Сондай- ақ балада қолдың ұсақ бұлшық еттері мен зейін қою қабілеті дамиды. Сурет салған кезде бір - біріне көмектесуге талпынады. Гүл туралы өзара қаншама ақпарат айтып, сөйлеу мәнері қалыптасады. Сурет салу барысында балалар сергіту сәтін жасап, ерекше қөңіл - күйге бөленді.