Текст
Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Шынықсаң шымыр боларсың" атты спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараны бөбекжайдың дене тәрбие нұсқаушылары Көшербаев Сағыныш пен Шаймуратов Еркебулан бөбекжайдың тәрбиеші, педагогтарына арнап, ұйымдастырып, қызықты өткізді. Бұл іс-шарада көптеген жаттығулар орындалып, екі топ өзара жарысты.