Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында "Құлыншақ" тобының тәрбиешісі Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна "Этно ауылға саяхат" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шарада балалардың бойында ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар арқылы сан сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңірту, ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету болып табылды. Ескіні жаңарту мақсатында өткізілген бұл мерекелік іс-шара өте тамаша көңіл-күйде өтті. Қатысқан балалар күбі пісуді, қымыздың қалай жасалу жолдарын, жүн түтуді,ұршық иіруді, бауырсақ нанын қалай кесіп, пісіруді, ал ер балалар күмістерден жүзік соқу құралдарымен танысты. Қатысушылар пісірілген ыстық бауырсақпен, күбіде дайындалған қымыздан ауыз тиіп, самаурынмен шай ішті.