Хабарландыру
Құрметті ата-аналар! Ақмола облысының әкімдігінің «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» 2023 жылдың 23 маусымдағы А-7/249 қаулысы негізінде «Ақбота» бөбекжайының әкімшілігі мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МКҚК «Ақбота» бөбекжайында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды толық көлемде өтеу мақсатында аталған жекелеген санаттар бойынша құжаттарды қабылдайды:
Ұсынылатын құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) туу туралы куәлік – көп балалы отбасы балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
3) өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасы балалары үшiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушыларға жататынын растайтын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы орташа табыс күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін анықтамалар;
Құжат қабылданған соң, тізім жасақталып, аудандық білім бөліміне тапсырылады. Құжат қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 01 шілде мен 05 шілде аралығы.