Текст
Астананың туған күніне орай "Ақбота" бөбекжайы санаторлық "Балбөбек" тобында ашық ұйымдастырылған "Жаса, жайна Астанам!" атты тәрбие сағаты өтті. Балалармен Ел ордасы Астана қаласына саяхат жасалды. Балалар Астананың туған күніне суреттер, пазлдар және де "Бәйтеректің" суреттерін салып, көрме ұйымдастырды.
Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала.
Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.