І ортаңғы
«Еркетай» тобында «Өрт-тілсіз жау» атты тәрбиелік сағаты өтті. Балалар бұл
тәрбие сағатында өрт қауіпсіздігіндегі қауіпсіздік , өртті болдырмаудың алдын
алу шараларымен танысып, көп мағлұмат алды. Тәрбиеші Сейпиева Қымбат
Темержановна бұл тәрбие сағатын өте жақсы дайындықпен өткізді. Дымбілмес
кейіпкері қатысып, оған топ тәрбиеленушілері өздерінің өрт туралы білімдерін
көрсетіп, Дымбілмеске үйретті десек те болады. Балалар тәрбие сағатында
слайдпен жұмыс жүргізіп, тақпақтар айтып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Ең
көңілге ұнағаны әр бала егер өрт болған жағдайда қалай өрт сөндірушілерді
шақыру керектігін жақсы түсіндіріп айтып берді. Мысалы: Таңжарық Арулан
телефонды қолына алып, 101 нөмірін теріп:
-
Алло,
бұл өрт сөндіру бөлімі ме екен?
-
Сізге
хабарласып тұрған Таңжарық Арулан
-
Абылайхан
көшесі 157 үйде өрт болып жатыр, тезірек жетулеріңізі сұраймын ,-деп, тақылдап
сөйлеп, қалай шақыру керектігін, мекен-жайды дұрыс жеткізуі, сыпайы сөйлеуі
жақсы көрініп тұрды. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Балалар өрт шаралары
туралы сұрақтарға белсене жауап берді. Дымбілмеске дей үйретіп, одан сыйлықтар
алды. Тәрбие сағатын ұйымдастырған Сейпиева Қымбат Темержановнаға шынайы
алғысымызды білдіреміз.
-