«Ақбота» бөбекжайында
желтоқсан айының 27-ші жұлдызында сағат:
10.00-де II - кіші «Ботақан» тобында
«Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке арнайы сценарий құрылып, оған
бірнеше кейікерлері енгізілді. Олар Чупа
чупс, Хоттабыч, Карабас барабас.
Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер әрбір келген кейіпкермен «Кім жылдам», «Қар
үрлеу» сынды қызықты ойындар
ойнады. Сондай-ақ, балалар шыршаны айналып өздерінің «Кішкентай шырша»
және «Жаңа жыл» әндерін тарту етті.
Қыздар «Қуыршақтар» биін, ал
ұлдар « Санта клаус» биін билеп, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй
сыйлады. Сондай-ақ бүлдіршіндер
тақпақтарын айтып Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығына ие болды. Ертеңгілік соңында
ит жылы балаларға жаңа табыс, бақыт, шаттық тілеп өзінің ізгі тілегін білдірді.
Жалпы қорытындылай келе Жаңа жылға арналған ертеңгілік ойдағыдай өтті.