«Ақбота» бөбекжайында желтоқсан айының 27-ші
жұлдызында II-кіші «Күншуақ» және II-кіші «Құлыншақ» тобында «Жасыл шырша маңында» және
28-ші желтоқсан күні II- кіші
«Алақан» тобында «Төрлет, төрлет жаңа
жыл» атты ертеңгіліктер
өткізілді. Жаңа жылдық ертеңгілікке
арнайы сценарий құрылып, бірнеше кейіпкерлер
енгізілді. Олар: Көңілді сайқымазақ, Хабаршы қарға, жағымсыз Мыстан кемпір және ескі жыл Әтеш, жаңа жыл Ит , Аяз ата мен Ақшақар болды. Сайқымазақпен «Қар үрлеу ойынын» ойнаса,
Мыстан кемпір келген ата-аналармен «Шығыршықты айналу», «Қолғап» және
«Буындардан сөз құрастыру» ойындарды көңілді ойнатты. Сонымен қатар,
бүлдіршіндер келген қонақтарға өздерінің «Кішкентай шырша», «Ақ қоян», «Аяз
ата» әндерін шыршаны айналып топ болып орындады. Сондай-ақ қыздар
«Қуыршақтар», ал ұлдар «Санта Клаус»
билерін ұсынды. Топ болып іс-қимылмен
көңілді «Фиксики» және «Барбарики»
билерін биледі. Бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақардың көмегімен шыршаның шамдарын
жақты. Балалар Жаңа жылға арналған тақпақтарын Аяз атаға айтып,
тәтті сыйлықтарға ие болды. Ертеңгілік соңында естелікке суретке түсті.