МКҚК «Ақбота» бөбекжайында “Қуыршақтар әлемі»
костьюмдер байқауы болып өтті. Бұл байқауда ұлттық нақыштағы киім үлгілері (ер
және әйел адам) көрсетілуі тиіс болатын. Жеребе бойынша топтар төмендегідей
бөлінді:
1.
«Балбөбек», «Балапан», «Нұрсәуле» топтары- «қазақ» ұлты
2.
«Ботақан», «Құлыншақ», «Күншуақ», «Алақан» топтары-
«орыс» ұлты.
3.
«Еркетай», «Қошақан» топтары- «ингуш» ұлты
4.
«Балдырған», «Көбелек» топтары- «украин» ұлты,
5.
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері,
педагог-психолог- «өзбек» ұлты
6.
Дене тәрбие нұсқаушылары, саз жетекшілері- «татар» ұлты
Барлық топтар бұл байқауға белсене қатысты. Әділқазы шешімі бойынша Бас
жүлде «Татар» ұлтының киім үлгісіне берілді.
І орын жүлдегері- «Украин» ұлтының киім үлгісі,
ІІ орын жүлдегері - «Ингуш», «Орыс», «Өзбек» ұлттарының киім үлгісі
ІІІ орын жүлдегері- «Қазақ» ұлтының киім үлгісі деп танылып, мадақтамалар
мен сыйлықтар берілді.