Мектепке дейінгі ұйымда
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жолдары
Кіріспе.
Ұлттық идея-ең алдымен туған
жер, Отанға деген сүйіспеншілік негізінде ұлттық менталитет, ықылым заманнан
бері келе жатқан ұлттық құндылықтар арқылы топтастырылған этностық сезім. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мәңгілік ел-ата-бабамыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы
бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу
еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық
идеясы-Мәңгілік Ел» деді.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық
Актісі-Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан
халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен бекітіліп, 2016 жылғы 26 сәуірінде
қабылданған алғашқы жалпыхалықтық идея.
Қазақстан Республикасының білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында» басты мақсат: мектеп
жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес
білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру,
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға,
ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға
әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік
даярлығы делінген.
«Мәңгілік Ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән
берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен
сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектепке дейінгі білім беруде жас
ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе
жүргізілген абзал. Оның ішіне рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық
сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер кіріктілуі тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие-барлық
тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға болып қалыптасуының баспалдағы. Алғашқы
Отнсүйгіштік, патриоттық сезімдері отбасы мен бөбекжайдағы тәрбиеден бастау
алады. Туғандарына, жақындарына деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласына
сүйіспеншілігі бала санасына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із
қалдырады.
Адамгершілік тұрғыдағы құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру оның сәби кезінен бастау
алатын белгілі. Халықта «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде
баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық яғни адамгершілік сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану
заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын
тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиеші зор рөл атқарады. «Мәңгілік Ел» ұрпақтары текті
бабаларымыздың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел»
ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеп өсуге міндетті.
Негізгі бөлім.
«Мәңгілік Ел» идеясының
маңыздылығы «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан
халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел-бұл ертеңгі
күнге есік ашатын, болашаққа сенімді
арттыратын идея, бұл-кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»,-деді
Елбасы Н.Назарбаев.
«Қазақстан-2015» қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолауында ұлт Көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаев: «Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге
осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп
белгілеген. Сол себептен педагог мамандар мен барша қазақстандықтардың алдында
тұрған басты міндет-ұлттық идеяны қоғам өміріне енгізу болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
құндылықтарымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары мыналар болып
табылады:
-
әлеуметтік
құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
-
тәрбие
ұстанымдары мен ойларын біріктіру;
-
ата-бабамыз
бен басқа халықтардың мәдениетін үйлестіру және сақтау;
-
қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру.
Берілген негізгі тұжырымдарды тәрбие барысына енгізу үшін алдымызда тұрған
міндеттер:
-
балаларда
азаматтық, патриоттық, өзіндік сана-сезімді қалыптастыру;
-
эстетикалық
құндылық және талғаммен ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті игеру;
-
еңбек
етуге ынталанып, өз мақсатына, табысқа жетуге және бәсекеге қабілетті өмір сүру
үшін тәрбиелеу;
-
салауатты
өмір салтын сақтап, дене тәрбиесімен айналысуға ұмтылу.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейінгі
ұйымда енгізудің негізгі кезеңдері:
-
дайындық
(мотивациялық-ұйымдастырушылық);
-
негізгі
(енгізу);
-
қорытынды
(жалпылама).
Дайындық кезеңі. (мотивациялық-ұйымдастырушылық)
Мақсаты: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін
оқу-тәрбие жүйесіне енгізу бойынша педагогикалық ұжымның сұранысы мен
мүмкіндігін зерделеу.
Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру
үдерісінде «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің бағыттарын тиімді қолдану үшін
оның негізгі ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
Оқу
әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу, озық педагогтардың тәжірибелерін талдап,
тарату.
Жұмыс мазмұны: түрлі жас ерекшеліктеріне сай мектепке
дейінгі ұйымдарда қолданылатын жұмыстың ерекшелігі анықталып, мәселелерді шешу
жолдары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, жылдық жоспар
құрастырылды.
Негізгі кезең (енгізу)
Мақсаты: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
негізгі бағыттарын білім
беру үдерісіне қолдануға жағдай жасау.
Міндеттері: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу
үшін материалдық-техникалық базаны нығайту және жетілдіру; тәрбиелік,
әдістемелік, үйретуші, тренингтік
түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы
педагогтардың кәсіби шеберлігін
көтеру;
Үлгілік
оқу бағдарламасын жүзеге
асыруда инновациялық әдістер мен
технологияларды қолдану; педагогтар
арасында тәжірибемен
бөлісуді жүйелі ұйымдастыру;
педагогтың балалармен бірлескен
әрекетін инновациялық педагогикалық технологияларды кіріктіру арқылы
өзгерту.
Жұмыс мазмұны:
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін тәрбиелеу-оқыту үрдісіне енгізуді
жүзеге асыру үдерісінде, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған түрлі
әдістемелік шаралар: Мектепке
дейінгі ұйымда «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу бойынша рухани
адамгершілік құндылықтарды, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға байланысты әр
түрлі тақырыпта педагогикалық кеңестер, семинар-тренингтер, кеңестер
ұйымдастырылды. Бөбекжай қабырғасынан бастап, «Отан», «Ел», «Жер» ұғымының
киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішінде сал-дәстүр, менталитет,
тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болуы қажет.
Ана тілі рухани тірегіміз екенін
сәби көңілдеріне сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда
тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңілде бөлінуде. Елбасы айтқан ана
тіліміз мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды
іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз керек.
Жаһандану заманына сай жан-жақты дамыған білімді тұлға болып
қалыптасудың негізгі шарттарының бірі-қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білу.
Осыған орай, елімізді Үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға
арналған жол картасын іске асыру мақтаныда бөбекжайымызда балалар қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін үйренуде. Тілдер апталығында үш тілде мәнерлеп оқудан байқау,
ертеңгіліктер ұйымдастырылды.
-
1
желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған «Елің сүйген Елбасы» тәрбие сағаттары өткізілді.
-
Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Егемен менің елім» іс-шарасы
ұйымдастырылды.
-
«Мәңгілік
Ел» иденясының маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру барысында түрлі әңгімелер,
кеңестер, көрнекі безендірілген әр түрлі тақырыптағы: «Менің бақытты отбасым»,
«Батыр болып өсеміз», «The Battle of Young English learners», Дені саудың-жаны
сау» спорттық сайыстар, ата-аналармен ынтымақтасттық қарым-қатынаста, ашық
ұйымдастырылған оқу қызметтері, тренингтер мен (Әже көңілдің ажары,
немере-өмірдің базары» байқауы ұйымдастырылды.
Баланы ұлттық мәдениет пен
дәстүрге жақын таныстыру барысында мерекелерді атап өту үлкен рөл атқарады.
Мәселен: «Тәуелсіздік-тұғырым» акциясы, «Құрметтейік, Ұлы Жеңіс мейрамын!»
тақырыптық кештер, «Жаңа жыл», «8 наурыз», Сағынып жеткен, әз Наурыз!» және
т.б. мерекелер ұйымдастырылды. Мерекені ұйымдастыру барысында олардың
ерекшеліктерімен, маңыздылығымен, қоғам өміріндегі айтулы даталармен,
ата-бабалар мен қазіргі батырлардың ерлік істерімен танысты. Балалар
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен материалдық құндылықтарға ұқыпты қарауға, ертегі,
аңыздар және ұлттық өнермен танысып, ұлттық әндерді айтуға үйренді. Балалар
үлкендермен бірлесе отырып ұлттық ойыншықтарды, заттарды, әшекей бұйымдарды
және өмірге қажетті керек заттарды қолдан жасап істеуге дағдыланды. Нәтижесінде
балалар өз отбасын, достарын, көршілерін құрметтеуге, туған өлкесін сүюге,
қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарауға, ұлттық мәдени мұрамызды, ауыз
әдебиетінің үлгілерін, ұлттық қолөнер кәсібін, ұлттық-мәдени дәстүрді,
ақын-жазушы, композиторлардың шығармаларымен танысты.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін
енгізу бойынша инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануды әртүрлі
іс-әрекет түрлерімен кіріктірілді. Мысалы «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының
элементтерін Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу-қызметінде
пайдаланылды. Балалардың білек бұлшық еттерін нығайту мақсатында ұлттық ойындар
ойнатылды.Ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру,
оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отыру қажет. Төл
тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын бөбекжай тәрбиеленушілеріне жасына сай
түсіндіріп, бойына сіңіріп отыра, бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі
насихаттау, тарихи тұлғалар жайында айту, электронды құралдар арқылы көрсету,
тарихи оқиғаға байланысты ойларын айтқызу, қиялын шарықтату Отаншылдыққа
баулудың мағыналы жолы. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай айтқандай
«болмаса да ұқсап бағуға» тырысуға бағыттау өз нәтижесін береді.
Қорытынды кезең (жалпылау)
Мақсаты: мектепке
дейінгі ұйымдардың қызметіне
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін
енгізу бойынша орындалған жұмыстарды қорытындылау.
Міндеттері: педагогтардың тәжірибесін ұсыну және жүйелеу;
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін
іске асыруды талдау;
мектепке
дейінгі білім берудің жаңа
сапасына жету бойынша педагогтардың тәжірибесін
жалпылау және тарату.
Жұмыс мазмұны:
педагогтардың шеберліктерін
жетілдіру бойынша олардың қызметін
талдау;
«Мәңгілік
Ел» Патриоттық актісін білім
беру үдерісіне енгізу бойынша
жұмыс тәжірибелерімен бөлісу.
Қорытынды.
Балалардың ұлттық санасын оятуға,
бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты
іс-әрекеттер жасау керек. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын білікті
маман әрқашан өз ісін шығармашылық ізденіспен жетілдіріп, баланың отбасымен,
ата-аналармен де тығыз байланысты жұмыс жасап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
мемлекетінің болашақ патриотын тәрбиелейді.
Қорыта келгенде, Елбасымыз айтқандай
Мәңгілік Ел болашағы-білімді ұрпақ,
саналы жастар. Осы тұрғыда бөбекжай ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз
деп білеміз. Алдымызда ұлттық құндылықты
бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын,
білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын
әрдайым жадымыздан шығармай осы бағытта аянбай еңбек етеміз деп сенім
білдіреміз.
Бекенова Меруерт Джексенбековна
МКҚК “Ақбота” бөбекжайы