Отаным-Тағдырым.
Уа, дариға,
алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді
келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас
ем топырағынды тебіренбей,
Ақын болмай, тасын
болсам мен егер,-деп Қасым аға
жырлағандай, туған жер –адам өмірінде киелі орын алады. Әрбір адамзат баласының Отаны, туған жері бәрінен де қымбат. Себебі, кіндік кескен жерінде өсіп , суын ішіп, ауасымен дем
алады, табиғатпен бірге қайнасып
адам болып қалыптасады. Туған жер, Отанымыздын бастауы. «Отан –отбасынан басталады»
дейді, соңдықтан да туған
жер әрбіреуіміздің өткеніміз
және болашағымыз. Балалық
кезден бастау алатын адам баласында Отанға, туған
жерге деген ерекше сезім бар.
Туған жер, отан деп еске
алсақ, ең бірінші ойымызға балалық
кезеңдер еске түседі, ауламыз бен асыр
салып ойнаған көшелер. Өйткені әрбіреуімізде кішкентай болса да, өз Отанымыз бар, сол Отанға деген
сезім бар, осы сезім бүгінгі
күнмен, ертеңгі күнгі болашақты
байланыстыратыны анық. «Отан-оттан да ыстық »
демекші өз Отанының, өз елінің
патриоты болғанға не жетсін. Бабаларымыздың көздің
қарашығындай сақтап, найзаның
ұшымен, білектің күшімен қорғағаның
арқасында бізге жетіп отыр.
Осы
жерде сақ қызы Тұмар падишаның
ерлігіне тоқталып кетейін. Отанымыздын қорғаны
еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару
алып, ат құлағында ойнап, жауын жеңген
Тұмар падиша айтқан екен: «Маған
туған жердің бір уыс
топырағы да қымбат. Топырақта енді не бар?!» деп тұрсыңдар
ғой, бір уыс топырақта ел бар, жер бар, мен елімді, жерімді қорғадым»,- деген екен. Тұмар
падишаның жұдырықтай жүрегінің
ерлік сезімімен қорғағаны
сөзсіз.
Пешенесіне талай тағдыр батпандап
қайғы мен қасірет жазған халқымыздын
азаттық үшін туған
ақтық бұлқынысы желтоқсан
жаңғырығына айналып, әлемді
дүр сілкіңдірді. Сол сілкіністен бастау алған
азаттық күрес 1991 жылы
Тәуелсіздік болып салтанат
құрды.
Бұл - қазақ халқы
үшін, Қазақстанды Отаным,
туған елім , жерім деп білетің әрбір
қазақстандық үшін үлкен оқиға,
зор қуаныш. Бізде бір ғана Отанымыз бар, ол
тәуелсіз Қазақстан. Бүгінде біз-
қанатын кеңге жайған егеменді
елміз. Көк туымыз
желбіреп, бүгінгі бүлдіршіңдердің
сол жағындағы дүрсілдеген
жүректерін ұстап әнұранға
әуен қосып асқақтай әнұранымыз шырқалуда. Бәрімізге белгілі осы қуанышты күнге халқымыздын оңай
қол жеткізген жоқ.
Тәуелсіздік - кешегі қанға
бөккен боздақтардын рухы . Күллі
ата-бабаларымыздын аңсаған арманы, мақсат-мұраты еді. Осы туралы ойымды
ақынын өлең жолдарымен жалғағым келеді:
Арманға ақыр
жеттік, ел болдық та егемен,
Ойда жоқта
түскен жоқ ол
төбеден.
Тарихи сол
күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап,
әділ шындық жебеген.-О. Асқар ақын айтқандай, түптің
түбінде аңсаған арманға
халқымыз қол жеткізді.
«Тарихын біле алмаған елдің
ертеңнің де болжай
алмайтыны, болашаққа еркін
жүре алмайтыны да анық »- деп қазақтын бір туар
азаматы Олжас Сүлейменов
айтқандай , еліміз тәуелсіздікке дейін не көрмеді
десеңізші?! Енді міне, оның
барлығын тарихтын еншісіне
жіберіп болашаққа болашаққа
Елбасымызбен бірге нық қадам басып
келеміз. Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президентіміздін сайлануы, шашылып кеткен қандас
бауырларымыздың тарихи отанына қайтып оралуы, Отанымыздын бас қаласы - Астананың сәулеттене түсуі, Қазақстанның
бүкіл әлемге танылуы, бәрі-бәрі
тәуелсіздігіміздің әр күні
емес, әр сағаты жаналыққа, игі істерге ұласып
жатқанының айқын дәлелі деп ойлаймын, өз
ойымды Ерлан Ахметовтың өлең
шумағымен жалғағым келеді:
Қасиет тұнған, құт
қонған мекен- аймағым,
қастерлеп дәйім
ұйытқан бірлік қаймағын.
Терезесі тең төрт құбыламды сайладым,
Астанам-айбын,
Айбыным менен айбарым !
Ерлігім , есіл өрлігім бойды
қуаттап , тік ұстап келем
Тәуелсіздіктің байрағын!,-деп
тәуелсіздікке өлең шумағын арнағандай,
міне тәуелсіздіктің туын тіккелі
жиырма алты жылдың
жүзі болып қалды. Бұл да біршама
уақыт. Осы уақыт ішінде
қазақ деген халықты
төрткүл дүние таныды. Бағын ашар байлығының
мол, сыйласа білгенге құшағының
кең екеніне, көздері жетіп,
сенімдері мол екеніне, бізде
сенімдеміз. Тәуелсіз еліміздің,
болашағы бүгінгі жастар екені
айқын. Жастарға өркениетті
елдердіңн дәрежесінде білім беріп,
келешектің мақсат-міндетерінің кілтін ұстату
басты міндет деп ойлаймын. Бұл сала бойынша Елбасының
тікелей қолдауымен көптеген
игі істер атқарылып
жатқанына куә болып жүрміз. Қай
елде , қай жерде болмасын ұрпақтың
көзі ашық, көкірегі ояу, ойы
өскін болғаны жақсы. Жастардың өз
Отанымыздың болашағына үлес
қосуы - әрбір келешек ұрпақтың
санасына ұялауы тиіс.
МКҚК
«Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі
Ибраева
Саягуль Мукановна