2017 жылдың қазан айының
10 жұлдызында «Ақбота» бөбекжайының 10 жылдық мерей тойы болып өтті. Бұл мерей
тойға Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Нұрпанова Малика Борамбаевна, Бурабай
ауданы мәслихатының хатшысы Бейсенов Өтелбай
Төлеуович, мәслихаттың депутаты Шаяхметов Қуаныш Қабденович және Бурабай ауданы
білім бөлімінің басшысы Тулегенов Жангелді Мейрамович, Бурабай білім
қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Абдрахманов Абай Түлкибаевич,
аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінің өкілдері қатысты. Мерей тойды бөбекжай
директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна ашып, қонақтар «Ақбота» бөбекжайының
қысқаша тарихи сәттерін экран арқылы
тамашалады. Мәслихат хатшысы Бейсенов Өтелбай Төлеуович мен мәслихат депутаты
Шаяхметов Қуаныш Қабденович құттықтау сөз айтып, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен
бөбекжай директорын, әдіскерін, шаруашылық меңгерушісін марапаттап өтті.
Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Тулегенов Жангелді Мейрамович өзінің
лебізін білдіріп, Білім бөлімінің Құрмет
Грамотасымен бөбекжай директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна мен әдіскер
Бекенова Меруерт Джексенбековнаны, Білім
бөлімінің Алғыс хатымен қазақ тілі мұғалімі Құдайбергенова Бақыт
Мұқатаевна, Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна, Мукажанова Асель
Амангельдиевнаны, Білім бөлімінің Мадақтамасымен
Галеева Кунтай Амиргалиевна, Ибраева Саягуль Мукановна, Есіркепова Балжан
Жумадиллаевнаны марапаттады. Бурабай білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің
төрағасы Абдрахманов Абай Тулкибаевич өз құттықтауын білдіріп, Кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен бөбекжай бухгалтері
Галиаскарова Нағима Шакеновна, шаруашылық меңгерушісі Омарова Гульден
Қайргельдиновна, бөбекжай тәрбиешісі Галимжанова Жанна Амангельдиновнаны, Кәсіподақ
кеңесінің Мадақтамасымен кіші техникалық қызметкер Кучма Елена Юрьевна, бөбекжайымыздың
жұмысшысы Кучма Алексей Иванович, күзетшілер Сыздыков Сәлім Зарлыкович, Бекенов
Казбек Муратович, бас аспазшы Ахметова Шолпан Каиркеновна, бөбекжай тәрбиешісі
Сейпиева Қымбат Темержановнаны марапаттап, құттықтады. Кеш соңы бөбекжай
тәрбиеленушілерінің ән-жырымен жалғасты. Жүргізушілер бөбекжайдың саз жетекшісі
Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы, дене тәрбие нұсқаушысы Шаймуратов Еркебулан Канатович
кешті әдемі жүргізіп, мерекенің шырайын кіргізді. Саз жетекшілері Жалманбетова
Райхан Темирбулатовна, Камалиева Әсемгуль Сергалиевнаның дайындаған сазды
әндері, тәрбиеші Ержан Жұлдыздың тамаша қазақ биі, Жайнагуль Орынхановнаның
балбыраған әсем күйі көрермендердің көңілінен шықты. Осы мелекелік кештен кейін
балалар «Туған күн» қойылымын бірге тамашалады. Дымбілмес, Мила, Етікші мысық
т.б. кейіпкерлер қойылымды сәндендіре түсті, қойылым соңында туған күн тортының
шамы жағылды. «Ақбота» бөбекжайының
бүгінгі туған күні құтты болсын. Әрдайым бөбекжайдың ұжымы талай шыңдарды
бағындырып, талай асуларда биіктен көрінсін демекпін.
Бөбекжай әдіскері
Бекенова Меруерт Джексенбековна