Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.09.2017

Тіл мерекесінің келесі

күні «Кел, ағылшын тілінде сөйлейік!» деп аталды. Іс-шараға ортаңғы топ

балалары қатысты. Сайқымазақ кейіпкер ретінде келіп, балалардың көңілін

көтерді. Балалар бірнеше тапсырмаларды Сайқымазаққа көмектесу мақсатында орындады.

Алғашқы тапсырмада гүл дестелерін құрастырып, оның түстерін атады. Ағылшын тілі

мұғалімі Айнаш Балтабекқызы қазақ тілінде өлең шумақтарын оқып отырды, ал

балалар түсіп қалған сөзді тауып, ағылшын тілінде атап берді. Сергіту сәтінде

ағылшын тілінде қимылдарды атап, қозғалыстарды орындады. Келесі тапсырмада пазл

құрастырып, құрастырған суреттегі жемістерді атап берді. Содан кейінгі тапсырма

үй және орман жануарларына арналды. Берілген суреттердің ішінен үй жануарлары

мен орман жануарларын бөліп алып, екі тақтаға бөліп жапсырды. Соңғы тапсырма

санауға арналды. Балалар суреттегі заттарды ағылшын тілінде санады.

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст