Текст
«Ақбота» бөбекжайында
жаз мезгіліне байланысты «Жаз мезгіліне қонаққа барамыз» атты ойын-сауық
өткізілді. Балалар екі топқа бөлініп жаз мезгіліне арнап өз өнерлерін көрсетті.
Жаздың ханшайымыныңда ала келген ойыны болды, балалар «гүл шоғын жина» ойынын қуана
құрастырып, жасап шықты. «Арива» биін билеп жазды қуантты. Сонымен қатар
мерекеге кейіпкерлерде келді, ол балалардың сүйіп көретін мульфильм кейіпкерлері
Маша мен аю. Әдеттегідей Маша бұзақылық жасап, аюдың терген жеміс-жидектерін
шашып тасдады. Ал балалар болса аюға қайтадан жемістерді жинауға көмектесіп,
«Тосап қайнату» ойынын ойнады. Балалар жаз мезгілінің суретін құрастырды.
Мереке соңында балаларға естелікке көңілді смайликтер таратылды.