«Ақбота»
бөбекжайында «Балапан» тобындағы балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен
сахналық қойылым қойды. Бұл іс-шарада балалар белсене қатысты. Ертегі
кейіпкерлеріне сай киімдер дайындалып, балалар оны қуана-қуана киді. Топтағы
басқа балалар да шабыттанып, бізде ертегі кейіпкерлері болайықшы деген
тілектерін білдірді. «Ақбота» бөбекжайының саз залы ертегі желісіне қарай
безендірілді. Балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, сахнада өздерін жақсы
көрсете білді. Мақта қыз болып ойнаған Камила өзінің ұқыпты, әдепті екенін
көрсетті. Мысық рөлінде ойнаған Нұрсұлтан сөзге шебер, іс-қимылы ширақ болып
шықты. Сиыр рөлін сомдаған Ерсұлтанда, ағаш болып тұрған Алдияр да өздеренің
сөздерін анық, айқын, ырғақпен айтып берді. Су тасушы қыздар Камила мен
Вероника шынайы ертегіде жүргендей әсер қалдырды. Тауық рөліндегі Альбина,
тауық сияқты қыт-қыттап, ал дүкенші Әбілмансұр әр нәрсені сатып алу үшін ақша
керек екенін көрермендерге жеткізе білді. Тышқан рөліндегі Дамир тіпті сахнада
жүріп тұруды шебер орындады. Балалар сахнада өздерін ұстай білуді, жүріп
тұруды, сөйлей білуді меңгеріп, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындай
білді. Балалар өзара алған әсерлерімен бір-біріне жарыса айтып, көңілдері
көтеріңкі болды. Бөбекжай ішінде өткізіген мұндай іс-шаралар балалар үшін ең
жақсы тәрбие беріп, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасайды.