Текст
24.07.2017
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында «Көңілді жарыс» атты балалрға арналған
спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты балаларға дене шынықтырудың
пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру және
балалардың көтеріңкі көңіл-күйде болуын қалыптастыру болып табылды. «Көбелеек»
тобы екі «Қыран» және «Тұлпар»
командаларына бөлініп, өздерін таныстырды. Ұрандарын айтып, әндерін
шырқады. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Командадағы әр бала қызығушылықпен ойнап,
шапшаң жүгіріп, ептіліктерін көрсетті. Осындай «Көңілді жарыс» балалар үшін
салауатты денсаулықты нығайтуға үлгі болады. Жарыс соңында балалар тәтті
сыйлық, мадақтамалармен марапатталды.