Текст
«Ақбота» бөбекжайында
ІІ ортаңғы «Қошақан» тобында «Көңілді старт» спорттық сайысы өткізілді. Мақсаты
салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар арасында спорт мәдениетін кең тарту
болып табылды. Балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Музыка
әуенімен жаттығулар жасап, әр кезеңдер бойынша ойындар ойналды. Балалар өте
көңілді қызығушылықпен әр тапсырманы белсенді орындап, мәз-мейрам болды.
Балалардың көңілдерінен шықты. Болашақта тәрбиеленушілер салауатты дені сау,
сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат болып өсетініне сенімдіміз.