Текст
«Ақбота»
бөбекжайында І ортаңғы «Еркетай» тобында тәрбиеші Балтабай Айдана
Жаңбырбайқызының ұйымдастыруымен «Көңілді мәре» атты спорттық сайысы өтті. Бұл
сайыстың мақсаты балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайтып, ептіліктерін,
шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, салауатты өмір салтын
насихаттау болып табылды. Спорттық сайыс топ балаларының «Спорт» биімен
ашылды.Сайыс 8 кезеңнен тұрды. Балалар «Жалын» және «Қыран» командасы болып,
өзара жарысып, күштерін сынасты.
Командалар берілген
тапсырмаларды шарты бойынша орындап, қызығушылықтарын танытты.Сайыстың соңында
тәрбиеші Балтабай Айдана Жаңбырбайқызы бүлдіршіндерімізді мадақтау қағаздарымен
марапаттады.