Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған
әдістемелік жұмыс олардың білімдерінің жоғарылауына, балалармен жұмыс жүргізу
барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін ашуға
көмегін береді. Ең маңыздысы, өздігінен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып,
мамандықтарына деген қызығушылықтарын
арттыру болып табылады. Педагогтың кәсіптік-тұлғалық дамуына жағдай
туғызу және әдістемелік шеберлігі мен мәдениетінің жетілуіне ықпал ету бөбекжайдың
әдістемелік жұмысының мақсаты болып табылады. Курстық қайта даярлау бөбекжай
әкімшілік жұмысының маңызды бағыты педагог қызметкерлердің педагогикалық
шеберліктерін (біліктіліктерін) курстық жүйе арқылы көтеру (ұйымдастыру және
бақылау) және педагогтарды жоғары, бірінші біліктілік санат алу үшін
аттестацияға итермелеу болып табылады. «Ақбота» бөбекжайының педагог,
тәрбиешілері «Балапан» бағдарламасы аясында Шучинск қаласының педагогикалық
колледжінде «мектепке дейінгі мекемелер
тәрбиешісі» бойынша мамандарды даярлау
мақсатында 3 айлық курсты оқып, аяқтап, куәлік алды.