Текст
«Ақбота» бөбекжайында «Қош бол, бөбекжайым» атты ертеңгілікте «Көбелек,
«Ботақан» ересек топтары қатысып,
қоштасу кеші мерекеге ұласты. Бөбекжайымызда білім, тәліи-тәрбие алған
бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Осы мерекелік кеште балалар
өздерінің бөбекжайда үйренген, алған өнер-білімдерін ортаға салып,
ата-аналарға өнерлерін көрсетті. Балалар
өздерінің тәрбиеші апайларына деген ыстық ықыластары, ризашылықтарын
ән-жырмен жеткізді. Кеш соңында
балаларға қоштасу альбомын бөбекжай директоры Бостанбаева Бақыт
Асылбековна табыстап, балаларға ақ жол
тіледі. 2016-2017 оқу жылында бөбекжай 10 түлектерін шығарып салды.