МКҚК
«Ақбота» бөбекжайы келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Ø «Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және
балаларды қабылдау»
Ø «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінгі білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері
мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін
оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»
1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы балаларды
қабылдау ҚР Үкіметінің 31.08.2012 ж.
№1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды
қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті мектепке
дейінгі мекемеде жауапты адам көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алушы- мектепке
дейінгі жастағы тәрбиеленуші ата-анасы, немесе ата-ана орнындағы адамдар.
Мемлекеттік қызметті берушінің ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке
күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында бекітілген жұмыс кестесіне
байланысты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.00-ге
дейін жүргізіледі. Алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсету қабылдау
қарастырылмаған.
Мемлекеттік
қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік
қызметті көрсету мерзімі:
- құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30
минут;
- қызмет көрсетудің рұсқат етілген ең ұзақ
уақыты-15 минут.
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тек құжаттар топтамасын:
-
ата-аналардың өтініші (еркін нысанда),
-
аудандық білім бөлімінің жолдамасы;
- сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің
немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқа және көшірме);
-
баланың денсаулық паспорты;
-
баланың денсаулығы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
эпидемиологиялық жағдайы туралы анықтамасы негізінде жүргізіледі. «Ақбота» бөбекжайында бос орындар бар болған
жағдайда балаларды қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Мемлекетті қызметті алушылар
(заңды өкіллер) толтырған шартты
мемлекеттік қызмет көрсеткен жауапты адамға тапсырады (бір данасы мекемеде сақталады, екіншісі мемлекеттік қызметті алушының (заңды
өкілінің) қолында қалады.Бала тіркеуге алынғаннан кейін мемлекеттік қызмет
көрсететін МДҰ-да Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасын, бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқыту және күтілу құқығына ие
болады. Мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті
құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет
МДҰ-да мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысумен жүзеге асырылады. Жоғарыда
талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тартылады.
«Ақбота» бөбекжайында 2016 жылы 175 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2. Мемлекеттік кәсіпорын ҚР Білім және ғылым
министрінің 09.11.2015 ж. №632
бұйрығымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 21.12.2015жылы №12449 тіркелген
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген
тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті мектепке дейінгі мекемеде
жауапты адам көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алушы-осы ұйымдағы педагог
қызметкерлер.
Мемлекеттік қызметті берушінің ҚР еңбек
заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма
аралығында бекітілген жұмыс кестесіне байланысты сағат 13.00-ден 14.00-ге
дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Алдын ала жазылусыз
және жеделдетіп қызмет көрсету қабылдау қарастырылмаған.
Мемлекеттік
қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20
минут;
- қызмет көрсетудің рұсқат етілген ең ұзақ уақыты-20
минут.
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тек құжаттар топтамасын:
- осы Стандартқа сәйкес аттестаттауға өтініш,
- жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- білім туралы диплом көшірмесі;
-
біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
- қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының
көшірмесі;
- бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік
көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ
педагог қызметкерлерден басқа);
«Ақбота»
бөбекжайында мемлекеттік қызметті тіркеу журналы 2016 жылдан басталып, мемлекеттік қызметке
жауапты адаммен жүргізіледі. 2016 жылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі
жұмыс қағидасы:
Қызмет көрсетудің негізгі қағидаларына саналады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беруге;
3) құжаттар топтамасын сақтауға;
4) мемлекеттік қызметті уақытында көрсетуге;
5) шынайы қатынас және сыпайлықты
сақтауға;
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат
Атауы |
2016
|
Қызмет көрсету бойынша баланы қабылдау жөнінде құжаттарды қабылдау |
175 |
Көрсетілген қызмет |
2016 |
Қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдау |
9 |