«Ақбота»
бөбекжайында өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларына байланысты «Өрттен сақ
болайық!» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Щучинск қаласы жасаққа қарасты 19 мамандандырылған
өрт сөндіру бөлімінің аға инспекторы азаматтық қорғау майоры Джакупов Асқар
Жетибаевич келді. Аскар Жетибаевич қызметкерлерге өрт сөндіру, төтенше жағдайлар туралы алғашқы көрсетілетін
әрекеттер туралы дәріс оқыды.
Өрт кезінде бөбекжай балаларын қалай эвакуациялау (егер
қосымша шығар жолды от басса, егер
топтан шығатын жерді 2-қабатта өрт шықса, егер 1-қабаттағы топтан шығатын жерді
өрт болса), топта электр құралдары салдарынан өрт болған жағдайларда өзін қалай
ұстау керек екендігін тәптіштеп түсіндіріп айтып өтті. Өрт кезінде құтқарушыларға көрсетілетін
алғашқы көмек жайы туралы да толығымен түсіндірді. Соның бірін айта кетсем: Өрт
шыққан кездегі тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің іс-әрекеті:
1. Айналасындағы жағдай мен өз күшін бағалауға тырысу. Балаларды
тыныштандыру. Абыржуды болдырмау. Балаларды қайтадан санау.
2. Балаларды сапқа тұрғызу. Тәрбиешінің көмекшісі сулы орамалдар үлестіреді
(онымен ауыз-мұрынды жабады).
3. Тәрбиешінің көмекшісі балалардың жартылай отырған күйде,олардың сүйеніш
қанаттан емес, қабырғадан ұстағанын бақылай отырып, топ бекітіліп қойылған
шығатын жерге әкеледі. Тәрбиеші соңында жүреді.
4. Балаларды өрт командасының ғимаратқа кіретін жолына кедергі
болмайтындай қашықтықтағы қауіпсіз жерге апару керек.
5. Балаларды «Қатысушылар табелімен» салыстыра отырып, қайтадан санап, мәліметтерді жауапты адам-әдіскерге беру қажет. Міне, осы сияқты нұсқаулықтарды оқып, біздің
бөбекжай қызметкерлері, педагогтарына көптеген мәліметтер, қауіпсіздік
ережелерін берді. Бізге осындай өрт
сөндіру, төтенше жағдайлар туралы
алғашқы көрсетілетін әрекеттер туралы дәріс оқыған Щучинск қаласының жасаққа қарасты 19 мамандандырылған өрт
сөндіру бөлімінің аға инспекторы азаматтық қорғау майоры Джакупов Асқар
Жетибаевичқа және Щучинск қаласы жасақтың №19 мамандандырылған өрт сөндіру
бөлімінің ұжымына рахметімізді айтамыз.