27 қаңтар күні «Ақбота» бөбекжайында Щучинск қаласы жасаққа қарасты №19 мамандандырылған
өрт сөндіру бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушысы азаматтық қорғау майоры Круглов Владимир Викторовичтің
басшылығымен №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт тактикасы бойынша өрт-тактикалық
сабағын өткізді. Практикалық сабақты
жүргізуші №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер азаматтық
қорғау аға лейтенанты Женисов Асланбек Жолдасбекович өткізді. №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ж/қ
күзет қарауылының құрамындағы өрт сөндірушілер аға инженер азаматтық қорғау аға
лейтенанты Женисов Асланбек Жолдасбекович, аға өрт-сөндіру құтқарушысы,
азаматтық қорғау сержанты Шашкенов Абзал Казиевич, өрт-сөндіру құтқарушысы
азаматтық қорғау сержанты Кабдулинов Төлеген Хаджимуратович, өрт-сөндіру құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Ашкенов Бакытжан
Муталапович, ӨА жүргізушісі азаматтық
қорғау старшинасы Кабдушев Руслан Айдарбекович және бөлім командирі, азаматтық қорғау аға сержанты
Куланов Бакытжан Жанатович өрт техникалары және өрт-техникалық құралдарымен
келіп, практикалық сабақты өткізді. Өткізілген практикалық сабақтың мақсаты:
күзет қарауылындағы бөлімнің өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізуді жаттықтыру,
өрт сөндiру үшiн қажеттi өрт-техникалық жарақтарды қолдану, пайдалану
және де бөбекжай, қызметкерлерін және тәрбиеленушілерін басқа жерге көшіру
жағдайларын ұйымдастыру болып табылды. Бұл сабақта «Б» оқпанымен жұмысты
жүргізудегі көбiк немесе су шашу арқылы жоғары температураны төмендету жөнiнде
шаралар қолданылып және де тыныс алуға
жарамсыз орта болғанда сөндiру жөнiндегi жұмыс оқшаушы противогаздар арқылы
жүргiзiлдi, түтiн сорғыштар және жарық беру құралдары қолданылды, бөбекжай
қызметкерлерін және тәрбиеленушілерді басқа жерге көшіру жұмыстары
жүргізілді. Щучинск қаласы жасаққа
қарасты №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының уақытша міндетін
атқарушысы азаматтық қорғау майоры
Круглов Владимир Викторовичтің басшылығымен өткізілген бұл сабақта өрт
қызметкерлері жоғары тактикалық шеберлiктерiмен, белсендi, табанды iс-қимылдарымен,
шешушi бағытқа күш пен құралдарды дер
кезiнде шоғырландыруды енгiзумен, оларды шебер басқарумен өздерін өз
кәсібінің шынайы мамандары екенін көрсете білді. Өрт қауіпсіздігінің алдын
алу мақсатында өткен осы тәжірбиелік
сабақты ұйымдастырған Щучинск қаласы жасаққа қарасты №19 мамандандырылған өрт
сөндіру бөліміне және тәжірбиелік сабақты өткізген қызметкерлерге алғысымызды айтамыз.