ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті
жолдаған флаерлермен
жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы есеп
«Ақбота» бөбекжайының ұжымының қызметкерлері,
педагогтар, тәрбиешілер ҚР ДІАҚМ Дін
істері комитеті жолдаған флаерлермен танысып, толығырақ мәлімет алды. Оларға
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес
адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін айтып түсіндірілді. «Шынайы
жиһад» туралы толық мағлұмат берілді. Дін
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді
ақпарат алғылары келсе, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің
ресми-интернет ресурсы, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы»
РММ-нің, «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің сайттарына,
ислам дінінің мәселелері бойынша ақпарат алғылары келсе, көрсетілген сайттарға
жүгіну ұсынылды. Егерде осы діни
бағыттағы ұйымдардық ықпалына түскен немесе діни мәселелерге қатысты қиын
жағдай болып қалса, дін саласы туралы қандай да бір көмек туындаса, онда
«Қауырт желі-114» байланыс желісін
пайдалануға болатыны айтылды. Айтылған ақпараттар жұрт назары түсетін
жерге ілінді.
«ҚР
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Заңының
жобасын талқылау жөніндегі
жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы есеп
«Ақбота» бөбекжайы ұжымы 26
қаңтар күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың республикалық каналдарда берген
арнайы хабарламада «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау жөніндегі ақпарат туралы дөңгелек үстел
өткізілді. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкілхалықтық
талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар мен - 2017 жылғы 26 ақпан
аралығында өткізілсін. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын»,-
делінген хабарламада. Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіліктерді
қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында
айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере
отырып, Заң жобасын пысықтауды және Қазақстан Президентінің қарауына енгізуді
қамтамасыз ету тапсырылды. Ұжым арасында «ҚР Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу» туралы хабарлама толық жеткізілді, талданды. Осы
жүргізілген дөңгелек үстел бойынша еш ұсыныс түспегенін мәлімдейміз.