Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалардың танымдық белсенділігін дамытуда әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қабілетті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы»

12.01.2017

       «Ақбота» бөбекжайында  «Балалардың танымдық белсенділігін дамытуда

әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қабілетті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы»

тақырыбында аудандық семинар өтті. Бұл семинардың тәжірибелік бөлімінде II кіші

«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Айткулова

Гульден Аскаровна қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінен  «Таң. Күндіз. Кеш. Түн. Сол жақта, оң жақта .

Дайын  пішіндерді жапсыру», II ересек

«Көбелек» тобының тәрбиешісі Мукажанова

Асель Амангельдиевна  «5 саны және

цифры. 5 санының жасалуы. Тура және кері санау», I ортаңғы  «Еркетай» тобының тәрбиешісі Нуртаева Айдана Жаңбырбаевна құрастырудан

«Саңырауқұлақтар» ашық ҰОӘ-терін, III ересек «Алақан» тобының тәрбиешісі Корганбаева Алтын

Каиржановна «Ауа және ауаның адам өміріндегі маңызы» атты зерттеу-тәжірибелік ҰОӘ-ін

өткізді. Бөбекжай педагог-психологы Галеева Кунтай Амиргалиевна бірнеше

тренингтер өткізіп, келген қонақтармен жұмыстар жүргізді. Теориялық бөлімінде II

кіші «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі    Қалмағанбетова

Арайлым Балтабековна   «Ойын технологиясы арқылы балалардың

танымдық қабілеттерін дамыту»,  II

ересек «Ботақан» тобының тәрбиешісі Галимжанова Жанна  Амангельдиевна «МДМ-де балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыптарында баяндама

оқып, шебер сыныптарын өткізді. Семинарға қатысқан қонақтар өз пікрілерімен

айтып, ойларымен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст