Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжайда қолды қалай дұрыс жуу керек?

27.07.2023

Бөбекжайда қолды қалай дұрыс жуу керек?

Кішкентай бала негізінен күні бойы бөбекжайда болатындықтан тәрбиешілер балаларды   гигиена және қолдарды дұрыс жуу ережелеріне  баулиды.  Десек те, бастапқы гигиеналық дағдылар  алдымен отбасында қалыптасады,  ал топтағы ұжым ішінде  бұл дағдылар барынша табысты, әрі жеңіл бекітіледі. Сол себептен  тәрбиешілер тақырыптық ойындар өткізіледі, балалардың назары  ас ішер алдында, ас ішкен соң, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен, серуеннен кейін қолдарын  жууды  дағдыға айналдыру мәселесіне үнемі  аударады. Қол жуу туралы әсем безендірілген жадынамалар қол жуғыштардың жанына ілінеді.  Бөбекжайымызда оқу барысында келесі сәттерге баса назар аударады:

  • Серуеннен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен кейін  кейін, ас ішер алдында, ас ішкен соң, дәретханаға барған соң қолдарын  жуу және қол кірлеген сайын  жуу, әр бала өз бет орамалын немесе сулы сүрткішті пайдалану.
  • Судың температурасы бала үшін оңтайлы,  яғни, жылы болу керек (суық та, ыстық та емес).
  • Қол жуу үшін балалар сабынын пайдалану
  • Қолдарын жуар алдында жеңдерін түріп, киімінің сулануына жол бермеу керек.
  • Әр баланың  ерте жастан бастап жеке орамалы болуы шарт.
  • Қолдарды анда-санда ғана жуу және сабынсыз жуу деген ойға жол бермеу керек.

Қолды шая салдырмай, тәрбиеші апайларымыз   дұрыстап жуу керектігін түсіндіріп отырады. Кіші  "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілері  гигиеналық талаптарды сақтап, үйренуде.

Просмотров: 89


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст