Жазғы сауықтыру іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ересек «Ботақан», «Көбелек» топтарының арасында «Жаз кезіндегі су ойындары» атты іс-шара өткізілді. Жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы-олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Бұл уақыттағы біздің негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан ағзаның демалуға шығармашылық белсендікке және қозғлысқа деген қажеттілігін мүмкүндігінше толық қанағаттандыру. Осындай шаралардың бірі әрине ойын арқылы өтетін сумен байланысты. Балалар жаз мезгілінде таза ауада су ойындарымен көпіршіктер шығару, балық аулау, шарларды судан құтқару, жалаң аяқпен арнайы кілемшелермен жүріп , су толы ыдыста аяқтарын шаю т.б. танысты. Балаларға өте қызықты , көздерінен қуаныш сезімі байқалды. Барлық балалар белсене қатысты.