Текст
"Ақбота" бөбекжайында психолог Мукажанова Алия Амангельдиевнаның ұйымдастыруымен тәрбиешілерге және педагогтерге психологиялық тренинг өткізді. Тренингте "Көңілді музыка" ойынында бойдағы шаршаудан, стрестен арылу техникаларымен ойнатылып, релаксация жүргізілді. Тренингтің "нағыз керемет" жаттығуында ол педагогтардың жақсы жақтарын еске түсіре отырып, бір-біріне лебіздерін білдіру болды. Бұл жаттығудың мақсаты қатысушылардың тіл табыса алуы, бір- бірін толық тануын дамыту болып табылды. Тренинг соңында "Волейбол" ойынында тәрбиеші әділдік пен әділсіздік көрсететін жағдайларды айтып, өз ойларымен бөлісті. Педагогтар тренингте өздерінің бала кездегі қызықты сәттерін еске түсіріп, баяндап берді. Тренинг өте жақсы өтті.