МКҚК "Ақбота" бөбекжайының директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна Жамбыл облысы Тараз қаласындағы "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбындағы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында. Тамыз конференциясы 24-25 тамыз күндеріне жоспарланған. Бүгінгі күні Бахыт Асылбековна "Білім саласындағы бақылау және бағалау" тақырыбындағы панельдік секция отырысына қатысты. Панельдік секция отырысын Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы жүргізді. "Мемлекеттік аттестаттау сананы қамтамасыз ету құралы ретінде" панельдік секцияның бағдарламасы аясында секция қатысушыларын үздік білім беру ұйымдарының тәжірибелерімен және Тараз қаласының тарихи-мәдени нысандарымен таныстырды. Тәжірибе алмасуда секция қатысушылары Тараз қаласының үздік білім беру ұйымдарымен №35 "Ертөстік" балабақшасы, облыстық "Дарын" лицей -интернатында т.б.ұйымдарда болды. Панельдік секцияның бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда