МКҚК"Ақбота" бөбекжайына Бурабай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковниктері Кусаинов Ерлан Жамбулович пен Айдрахманов Аслан Оралович келіп, кішкентай тәрбиеленушілермен "Өрттен абай бол!" тақырыбында өрт қауіпсіздігі туралы айтып, әңгімелесті. Бурабай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Кусаинов Ерлан Жамбулович ересек "Ботақан" тобының тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі туралы сөйлесіп, балалардың қойған сұрағына жауап берді. Бурабай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Айдрахманов Аслан Оралович "Нұрсәуле" ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға отпен, газбен, электр құрылғылармен ойнауға болмайтыны туралы айтып, жаднамалар таратып берді.