Текст
Луначарский 197 көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Балапан» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани қазына» атты аталар сайысы өтті.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты?
Толғанта ән салдырып, би билетіп.
Жасына қарамастан бұл ортада,
Қай ата таң қалдырар, бұл халықты –дей отыра аталарымыз Калмаганбетов Шортанбай Кабдуллинович, Валиев Кенжеболат Жоманович, Нурушев Даурен Молдахметович, Жанабергенов Кабен Багисович, Усербаев Турсунбай Рахимович өз өнерлерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтып, немерелерімен бірге мерекенің шырайын келтірді