Мектепке дейінгі жастан бастап біз балаларды Конституцияның негізгі ережелерімен таныстырамыз, Отанға,мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілікке, құрметке және мақтанышқа тәрбиелейміз. Негізгі құқықтық білімдерді қалыптастырамыз, құқықтық мәдениетті сабақтар мен мерекелік іс-шаралар арқылы. Сонымен бүгін біздің баөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Ересек топтағы балалармен еліміздің құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме жүргізіліп, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылып кетті. Мерекеде олар барлық сұрақтарға оңай жауап беріп, өз білімдерімен бөлісті. Мерекелік іс-шараға қонаққа Дымбілмес келді. Дымбілмес балаларға көп сұрақ қойып балалардан жауап ала білді. Балаларға мерекелік іс-шара ұнады,көңілдері көтеріліп жақсы әсер алды.