«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және алғыс айту күніне байланысты Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Жанға жайлы әңгіме » атты әжелер сайысы өтті. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы- қасында болатын ақылшы, тәрбиелеуші. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.
«Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жиған барлық ғибратын бүлдіршінді тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан.