Текст
"Тіл -татулықтың тірегі" атты тілдер онкүндігінің жұмыс жоспары бойынша ересек және мектепалды топтарының балаларымен мектепалды топ тәрбиешілері Қалмағанбетова Арайлым Балтабековна мен Қасқырбаева Жұлдыз Жүгериевнаның жетекшілігімен "Ана тілім-ардағым" атты интеллектуалды жарыс ұйымдастырылып, балалар өзара ана тілінде мақал- мәтелдер мен тақпақтар айтып жарысты. "Ана тілім-ардағым" атты интелектуалды жарысты ұйымдастырудың мақсаты балаларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, өз туған тілдерінің мәртебесін көтеруге жетелеу және өз туған елін, жерін сүюге дәріптеу болып табылды.