Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел,танысыңдар.
Көк байрағы, Елтаңба, Әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар дей келе «Ақбота» бөбекжайында «Тіл-татулықтың тірегі» атты тілдер мерекесінің онкүндігіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның қорытынды жабылу салтанаты өткізілді. Мерекеге барлық бөбекжай ұжымымен бүлдіршіндер белсене қатысты. Жабылу салтанатында барлық ұлттар өз өнерлерін көрсетті.
Кіші «Күншуақ» тобы Түрік биімен топ тәрбиешісі Жанна Амангелдіқызы өз өнерін көрсете білді.
Кіші «Балапан» тобы Украина ұлтының ұлттық биін биледі.
Ортаңғы «Ботақан» тобы Татар ұлтының өнерімен таныстырды. Топ тәрбиешісі ана тілінде «Тілім менің» өлеңін оқып шықты.
Ортаңғы «Көбелек» тобы Орыс ұлтының ұлттық тағамдарымен таныстырды. Орыс тілінде мәнерлеп оқу өнерін көрсетті.
Ересек «Еркетай» тобы Өзбек ұлты «Назлы гүлім» биімен ортада өнерін көрсетті.
Ересек «Балдырған» тобы Кәріс ұлтының « Веер» биін биледі.
Мектепалды «Құлыншақ» тобы Армян ұлтының «Арцах» биін билеп шықты.
Мектепалды «Қошақан» тобы Қырғыз ұлтының «Қара жорға» биімен мерекені аяқтады. Балалар әр ұлттың өнерін тамашалап, көңілді эмоцияға бөленді. Барша қазақ еліне мереке құтты болсын! Бүлдіршіндер аман болып,еліміздің сыйлы азаматтары болуына сенімдіміз.