Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кел, ойнайық бүлдіршін» мерекелік іс-шара

20.09.2023

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән слмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын  ерекше орын алады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің басты мақсаты болып табылғандықтан «Ақбота» бөбекжайында «Тіл - татулықтың  тірегі» атты тілдер мерекесінің аясында «Кел, ойнайық бүлдіршін» тақырыбында әр ұлт  ұлттық ойындармен ортаға шығып ойнап шықты.  Кіші «Күншуақ» тобы Түрік ұлтының «Кім шапшаң?» ойынымен ортаға шықса, кіші «Балапан» тобы  Украин халқының «Гаппачок» ойынымен таныстырды. Санаторлық «Балбөбек» тобы өзіміздің Қазақ ұлтынын «Теңге ілу» ұлттық ойынын ойнатты. Ортаңғы «Ботақан» тобы болса Татар халқының «Кім алғыр?» ойынын  көрсетті.  Отраңғы «Көбелек» тобы Орыс ұлтының «Прятки» ойынын ортада балалармен ойнады. Ересек «Еркетай» тобы Өзбек  ұлтының «Тақия тастамақ» ұлттық ойынын ойнап шықты. Бұл ойында ұл балалар қатарға тұрып тақияны  мен  алам деп ортада жатқан тақияны иіліп баспен киіп алу басты мақсат болды, кім тақияны кие алса сол бала жеңімпаз атанады. Ересек  «Балдырған» тобы Кәріс ұлтының «Орныңды тап» ойынын көрсетті . Балалар  шеңбер бойымен  билей жүріп, әуен тоқтаған кезде белгілі бір орынға тұрып қолдарындағы кішкентай шеңберлерерді тез айналдыру. Мектепалды «Құлыншақ» тобы Армян ұлтының «Қасқыр мен бақташы» ойынын көрсете білді. Бұл ойын балаларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйретеді.  Мектепалды «Қошақан» тобы Қырғыз елінен келіп  қырғыз , қазақ бір туған деп ұлттық ойындардың бірі «Арқан тарту» ойынын ойнады. Балалардың дене мүшелерінің қозғалысын арттырып, ұймшыл болуға тәрбиелейді.  Барлық ойындарды балалар қызығушылықпен , белсенділік танытып ойнап шықты.  Мереке соңында балалармен қорытындылай келе көңілді Флешмоб биледі.

Ойыны баланың ақыл –ойын дамытатын , қызықтыра  отырып ойдан – ойға жетелейтін , тынысы кең, алысқа меңзейтін қиял емес пе,- деп балаларымыз аман болып , дендері сау тәрбиелі ұрпақ болып өсе берсін дейміз.

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст