Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Ұлы дала есімдері" жобасын іске асыру мақсатында ересек топтарында «Мен елімнің - ертеңімін» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты балаларға халқымыздың батырларында атап, слайдпен көрсетіп және оларға келешекте төзімділікке, ерлікке, шыдамдылыққа патриоттық сезімдерін көтеру болып табылды.
Балалармен жылулық шеңбер өткізіліп, слайдтармен Тұңғыш Елбасы, Қазақстанның рәміздері көрсетілді. Балалар Қазақстанның гимнін орындады.
Балаларға халқымыздың ақындарымен, жазушы, күйші, батырларымен таныстырып әңгімеледі. Слайдпен Абай Құнанбаев, Сакен Сейфуллин, Ыбырай Алтынсаринді көрсетіп, таныстырылып өтті. Қазақтың музыка жанрында аса дамыған күйшілерді де Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлының суреттерін көрсетіп, атап өтті. «Ботақан» тобының қыздары ән орындап, ұлдары «Батырлар» биін биледі. «Мерген» ойынында балалар өздерінің батылдығын, мергендігін, шыдамдылығын көрсете білді.
Іс-шара жақсы көңіл-күймен өтті.