Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана-тіршілік тірегі" мерекелік ертеңгілік

06.03.2020

Уәлиханов көшесіндегі  «Ақбота» бөбекжайында  4  наурыз күні    I кіші «Нұрсәуле», «Балапан»  топтарында   8 наурыз аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Ана- өмір гүлі»  атты  ертеңгілік аталып өтілді.  Балалар  музыкалық залға «Көңілді күн»  әніне билеп кіріп, аналарына арнап тақпақтарын айтты. Ертеңгілікке Микки маус  қонаққа келіп,   тапсырмаларын орындап  балаларға тәттілерін сыйлады.   Балалар болса  өздерінің «Апатайым анашым»  «Ата-ананы тыңдаймыз»  және «Әжемнің шайы» атты  әндерін шырқап берді.  Топ болып «Балапандар»  және «Гүлдер» биін көңілдене биледі. Микки Мауспен бірге «Гүл жинау» ойынын ойнады. Ертеңгілік соңында балалар аналарына ашық хат сыйлап,  естелік ретінде фота суретке түсті.

      Сондай - ақ  5  наурыз күні    I  ортаңғы  «Көбелек», II  «Құлыншақ»  III «Көбелек»  топтарында   8 наурыз аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Ана- гүл, ана жыр»  атты  ертеңгілік өткізілді.  Балаларға қонаққа  Микки Маус келіп, өзінің тапсырмасын орындатып тәттілерінен тарту етті.  Қатарға тізіліп балалар аналарына арнап тақпақтарын айтып берді.  Ертеңгілікке келген ата-аналарға арнайы «Сипап сезу арқылы баланы тауып алу» және «Қолдың көмегінсіз тәттілерді ауызбен ілу» атты қызықты ойындар ойнатылды. Есесіне балалар аналарына, әжелеріне «Апатайым анашым», «Әже» және «Ата-ананы тыңдаймыз»  әндерін көңілдене шырқады. Сонымен қатар бүлдіршіндер сиқырлы нотада «Гүлдер» биін  және «Хрустальный вальс» биілерін билеп өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілік барысында балалар өздерін еркін ұстап, мерекеге белсенді қатысып көңіл күйлері ерекше болды. Балалар аналарына арнап әдемі ашық хат сыйлап, қызғалдақ гүлдерін тарту етті. Ертеңгілік соңында естелік ретінде суретке түсті.

Уәлиханов көшесіндегі 6 наурыз күні «Ақбота» бөбекжайында 8 наурыз мерекесіне арналған ересек топтар арасында «Ана - тіршіліктің тірегі» ертеңгілік аталып өтті. Ертеңгілікке Көктем ханшайымы қонаққа келіп балалардың билерін, әндерін тамашалады. Қыздар «Көбелектер» биін, ұлдар «Джентлмендер», «Ана жүрек», «Көктем вальс» билерін биледі және «Апатайым анашым», «Ата-ананы тыңдаймыз», «Бөбектер әні», «Анашым анажаным» әндерін шырқады. Ата-аналар  бірге  ойын ойнады. Аналарына сыйлықтар таратты. Сондай – ақ «Еркетай» тобы «Шалқан» ертегісін сомдап көрсетті. Ертеңгілік керемет көңіл - күймен өтті

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст