Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжай ұстаздарына арналған құттықтау тілек.

05.10.2023

Қадірлі  "Ақбота" бөбекжайының ұстаздары!!!! 
Мен сіздерді  кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз кішкентай тәрбиеленушіге өмір атты болмыс дүниенің ақ пен қарасын ажыратып, дүниетанымын кеңейтіп, тақпақ жаттатқызып,  қолға қалам ұстатқан тәрбиеші   еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — тәрбиешілердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. 
Ұстаз — осы білімге, мәдениет жетелейтін бірден бір тұлға. Бала тәрбиесінде тәрбиешінің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — тәрбиеленуші үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді  өз бетінше гаджет, ақпараттық дүниелерден үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, тәрбиешіден тәлім арқылы жұғады. 
Тәрбиешілер — ата-ана пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұраларының алғашқы тұсініктері тәрбиешілер арқылы кішкентай балаларға жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы — бүгінгі  бөбекжайдағы тәрбиешінің, мектептегі мұғалімнің, бір сөзбен айтқанда Ұстаздың тәлімінде. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  жұмысыңызда шығармашылық жетістік, мықты денсаулық, қажырлы қайрат, толағай табыстар тілей отырып, отбасыңыз бен балаларыңыздың амандығын, еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыздың жемісін, ұл-қыздарыңыздың қызықшылығын көре берулеріңізге әрдайым да шын жүректен тілектеспін. Ізгі тілекпен "Ақбота" бөбекжайының директоры  Бахыт Асылбековна

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст