МКҚК "Ақбота" бөбекжайында психолог Мукажанова Алияның ұйымдастыруымен тәрбиеші, педагогтармен "Біз біргеміз" атты тренинг өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты педагогтардың ұжымдағы сыйластығы, ауыз біршілігі, бір- біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл- күйлерін көтеру және қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір- бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу болып табылды. Танысу жаттығуынад әрбір тәрбиеші, педагог өзін сын есімдерді қолдана отырып, таныстырып өтті. Екі "Достық", "Ұжым"топтарына бөліп, әр топтың атауларына байланысты сұрақтар берілді. Сұрақтарға топтар өте белсенді жауап беріп, кішігірім қойылым да қойды. "Мен және менің айналамдағылар" тақырыбында саусақ арқылы сурет салып, өз шығармашылығымен таныстырды. Бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Аруна Біржанқызы "Ұстазым " әнін орындап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Ұжымдық қатынасты сақтауда керемет ойын ойналды. Тренингте психолог алдына қойған мақсатына педагогтармен қызықты жаттығу, ойын тапсырмаларды , әңгімелесу арқылы толық жетті..