Текст
Туған күн балалар үшін ерекше мерекелердің бірі. Балалардың көңілінде тәтті торт пен сыйлықтар алу, көңілді ойындармен би билеу. Бүгін "Ақбота" бөбекжайының 16 жылдығы аталып өтті. Балалармен би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Бөбекжайымызды құттықтап Түлкі, Ариель, Сайқымазақ кейіпкерлері келіп, балалармен ойындар ойнатты. Барлық топтың балалары белсене қатысты. Балалардың жүзінен ерекше көңіл-күй байқалып тұрғанын көруге болады. Мереке соңында балалармен қағаз шоу ұйымдастырылды. "Ақбота" бөбекжайының туған күні көңілді, мәнді де, сәнді өтті.